• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Спорт 27 Желтоқсан, 2018

Бозкілемдегі  бабалар рухы

496 рет
көрсетілді

Зеренді ауданындағы Уәли хан бабамызды еске алуға арналған жасөспірімдер арасында еркін күрестен ашық турнир өткізілді. Оған солтүстік өңірдің балуандары жиналып, күш сынасты.

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт қайраткері Марат Жармағамбетов 2005 жылдан бері Ақкөл ауылының жасөспірімдерін еркін күреске баулып жүр. Оның шәкірттері талай мәртебелі жарыстарда жеңістің биік тұғырынан көрінуде. Ақкөл ауылының аумағында жерленген қазақтың соңғы хандарының бірі Уәли хан атамыздың аруағын асқақтату ниетінде ашық турнир тұңғыш рет жалауын көтерді. Бұл рухани жаңғыруымыздың жарқын бір көрінісі іспетті.  

– Бұл турнирді Ақкөл ауылында бапкерлік қызметте жүрген Нұрбек Каржанов пен Марат Рақымжанов ұйымдастырды. Олардың мақсаты балуандардың деңгейін көтеру,–дейді бас төреші Марат Жармағамбетов.

Орта мектептің спорт залына төселген бозкілемде 60 астам жасөспірім балуан белдесті. Тұңғыш турнир өте тартысты өтті. Ақкөл орта мектебінің оқушылары Махат Хамит, Алмаз Әбуов, Ерсейіт Әбілқасымов және Арулан Мұхамедәлі жерлестерінің алдында жақсы өнер көрсетіп, Уәли хан атындағы тұңғыш турнирдің чемпиондары атанды.

Байқал БАЙӘДІЛ,

«Егемен Қазақстан»

Ақмола облысы.